Риддер тұрғыны 7 келі есірткімен ұсталды

23 сәуiр, 10:22

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғынының үйінен 7 келі есірткі табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел уәкілдер үйде аса ірі мөлшерде марихуана сақтаған Риддер қаласының тұрғынын ұстады.

«Күдіктінің жер үйін тінту кезінде салмағы 7,2 келіден асатын, құрамында өсімдік тектес есірткі затына ұқсас екі картон қорап, екі қағаз орамасына салынған қара пакет және есірткіні қолдануға арналған ыдыс тәркіленді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысына сәйкес, пакет ішіндегі кептірілген марихуана екені белгілі болды», — делінген ақпаратта.
Тәртіп сақшылары есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды