Қазақстан «қара алтыннан» тапқан табысын жаңғырмалы қуат көзін дамытуға салу керек. vlast.kz хабарлағандай германиялық Covestro AG компаниясының өкілі Ричард Норткаут бұл туралы «Климаттың өзгеруімен күрес және болашақ энергиясы» атты тақырыпта өткен «Болашақ энергиясы» форумында мәлім етті.
Ол «Менің ойымша, сіздерде мұнай және газ кен орындары көп болса да, баламалы қуат көзін дамыту керек. Мәселен, Норвегияда да мұнай көп. Бірақ қазіргі таңда олар «қара алтынды» сатып, оның ақшасына жел электр стансасын салуда. Норвегиялықтар баламалы қуат көзі болашақта қажет екенін жақсы түсінеді. Сол себептен бүгін қаржы салуда. Мұна қоры қанша көп болса да, бір уақытта таусылады. Ал күн мен жел әрдайым болады» — дейді.
Сондай-ақ ол Сауд Арабиясын мысалға келтірді. Бұл елде де мұнай қоры жеткілікті екені белгілі. Дегенмен күннен қуат алып, оны одан ары дамытуда. Р.Норткаут «Табиғи ресуртың болғаны жақсы. Бірақ оған қарамастан баламалы қуат көзін дамыту қажет. Мұнайды тек жаға бермей, оны тиімді пайдаланудың басқа жолын да қарастыруымыз керек» ,- деді.
Осы орайда германиялық маман «Астанада көрмені өткізу еліміздің жаңғырмалы қуат көзін дамытуға жасаған алғашқы қадамы» — деп атап өтті.
Норткаут «Маған Қазақстанның павильоны ұнады. Онда көптеген инновациялық жоба бар. Баламалы қуат көзін дамытуда дұрыс бағыт таңдаған» — деп өз ойын қорытындалады.