jasqazaq.kz

Ресейлік журналистер қазақ тілі мен «бісміллә» сөзін әжуаға айналдырды (видео)

04 шiлде 2017, 12:26

Ресейлік Eurosport телеарнасы қазақстандық теннисші Александр Бубликпен «күлкілі» сұхбат жасап, қазақ тіліндегі сөздерді әжуалады.

Айта кетейік, бұрынғы ресейлік спортшы Александр Бублик Қазақстанның атынан 2016 жылдан бері өнер көрсетіп жүр.

Уимблдон турнирінде атақты Энди Марреймен ойнап, жеңіліс тапқан теннисшімен сұхбат кезінде телеарна журналистері оған қазақ тіліндегі бірнеше сөздің мағынасын сұраған.

«Бісміллә» сөзін білмеген спортшыға екі журналист осы сөздің мәнін эмоциялық жай-күймен түсіндірмек болды.

«Мысалы сен сетканың ар жағындағы Маррейді көріп, «бісміллә» дедің», — деп түсіндіреді бір журналист.

Екіншісі оның сөзін іліп әкетіп: «О, құдайым, бісміллә, маған қарсылас болып Маррейдің өзі түсіпті. Яғни бұл — қорқыныш деген мағынаны білдіреді», — дейді.

Александр Бублик өзінің Маррейді көргенде қорыққанын емес, керісінше, қуанғанын айтады.

Екі журналистің спортшыдан тағы бір сұрағаны — «базар жоқ» деген ауызекі тілде қолданылатын сөз тіркесі болды. Оның да мәнін білмеген теннисшіге Eurosport жүргізушілері: «Көйлегің әдемі, базар жоқ, керемет» деген мағынаны білдіретінін түсіндіріп бақты.

nur.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда