Мәскеудегі “Синергия” қаржылық-өндірістік университеті дистанционды оқылатын екі пәнді толықтай қазақ тіліне ауыстырды.
Енді аталмыш университетте “Менеджмент” және “Экономика” бойынша қазақ тілінде оқып, жоғарғы білім туралы диплом алуға болады.
“Бұл университеттің өзінің бастамасы. Біраз қаржылық шығынға қарамастан университет бұл қадамға барды. Бұл қазақтілді адамдардың білімді мемлекеттік тілде алғысы келетін талап-тілегінің көп болуына байланысты жасалып отыр. Алдағы уақытта “Синергиядағы” басқа да танымал пәндер қазақ тіліне аударылады деп үміттенемін”, – деді “Синергияның” Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры Бауыржан Қасымбергебаев.