jasqazaq.kz

Ресейдеде жол апатынан қаза тапқандар саны 19-ға жетті (видео)

28 тамыз 2017, 12:44

Краснодар өлкесінде болған жол апатының салдарынан ауруханаға түскен бір адам жансақтау бөлімінде қаза тапты, осылайша, жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны 19-ға жетті.

Еске салайық, Краснодар өлкесіндегі Керчь бұғазында салынып жатқан көпірде автобус құлады. Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік басқармасындағылар бұл оқиғаның Краснодар өлкесі Темрюк ауданы Волна ауылында болғанын айтады. Ал РИА Новости басылымының мәліметінше, төтенше жағдайдан 18 адам қаза тауып, тағы 33 адам құтқарылды. БАҚ мәліметінше, төтенше жағдайға автобустың тежегіші істен шыққаны себеп болған. «Автобус шамамен 4 метр биіктіктен құлап кетті. Төтенше жағдайдың себебі ретінде әзірше жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы деген нұсқа қарастырылып жатыр», — деп хабарлады агенттіктегілер. РЕН ТВ телеарнасы оқиғаның видеосы жариялады. Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста «Таманьгаз» кәсіпорнының 20 жұмысшысы болған. Олар вахтадан қайтып келе жатқан. Ал Желі қолданушылары автобуста 60 адамның болғанын айтады, бірақ бұл мәлімет расталған жоқ. Краснодар өлкесінің билігі зардап шеккендерге медициналық көмек пен тасымалдауға көмектесетіндерін, сондай-ақ, қаза тапқандардың туыстары қор ашпақшы.

Tengrinews.kz

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті