jasqazaq.kz

Ресейде Мәншүк Мәметова ескерткішін қорлағандар ұсталды (видео)

18 мамыр 2017, 16:44

Псков облысы Невель қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова ескерткішін қорлау оқиғасына байланысты мән-жайды ресейлік құзырлы орындар анықтады.

Бұл туралы Ресейдегі ҚР елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ескерткіш орналасқан өңір — РФ ІІМ Псков облысы бойынша басқармасының Санкт-Петербургтегі Қазақстан Республикасының Бас консульдығына берген түсініктемесінде келтірілген дерекке сүйенсек, әлеуметтік желіде жүрген бұл видео екі жыл бұрын түсірілген екен. Қаскөйдің кім екендігі де анықталды. Ол бұрын сотталған Невель ауданындағы Леоново елді-мекенінің тұрғыны болып шықты.

1997 жылы туған Сергей Репов бүгін де Невельде тұрады екен.

С.Репов жазбаша берген түсініктемесінде Мәншүк Мәметова ескерткішінің маңынан өтіп бара жатып, өзінің досы Илья Кубановтан суретке түсіруді сұраған. Ол болса бұл роликті «Вконтактедегі» өз парақшасына салған. Бұл факті тіркеліп, Ресей ІІМ МБ «Невельский» учаскелік полициясы қарап жатыр.

Еске сала кетсек, Интернетте Псков облысындағы Невель қаласында екі жасөспірімнің Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлағаны жайлы видео тарап кеткен еді. Жасөспірімдердің бірі фотоға түсу үшін ескерткішке шыққан, ал екіншісі бұл жағдайды видеоға түсірген.

365info.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда