Ресейдің Сургут қаласының орталығында бетіне бетперде киген ер адам жұртқа пышақ ала жүгіріп, 7 кісіні жаралады.
Жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, 4 адам ауыр халде жатыр. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қаскөйдің көзін жойған. Өйткені ол тұтқындау кезінде қарсылық көрсетіпті. Ер адамды бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Ресейдің тергеу комитеті төтенше жайдайдың мән-жайын анықтаумен айналысып жатыр. Кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.