jasqazaq.kz

Ресей Қазақстанға көл сыйға тартты

15 тамыз 2017, 13:12

Новосибирск облысындағы Сладкое көлі Қазақстан Республикасына берілді, деп хабарлайды Новосибирск облысы Купино ауданының басшылығы порталы.

Көл Купино ауданы орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан.

«Қазіргі уақытта шекараны белгілеу жұмыстары аяқталған соң Сладкое көлі толығымен Қазақстан Республикасының аумағында жатыр», — деп ескертеді облыс басшылығы.

Купино ауданы басшысы Владимир Шубниковтың айтуынша, көлдің бір бөлігі онсыз да Қазақстан аумағына тиесілі екен.

«Бұл бөлікті жылжыта салған жөн болар еді. Бұл көлде балық жоқ, тек табиғатқа көрік береді, шекаралық өзгерістер экономикалық ахуалға да әсерін тигізбейді. Біздің ауданда Горькое көлі бар – ол нағыз шипалы су. Ал Сладкое – жартылай көл, жартылай батпақ – ешқандай пайдасы жоқ», — деп атап өтті Шубников.

Sputnik Қазақстан бұл туралы мәлімет алу үшін Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне хабарласты, алайда ведомство қандай да бір ақпарат беруге дайын емес.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда