jasqazaq.kz

Реал Мадрид — Суперкубок-2017 жеңімпазы (видео)

09 тамыз 2017, 11:29

УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының жеңімпаздары күш сынасатын Суперкубок бəсекесінде Мадридтік ұжым басым түсті. «Манчестер Юнайтед» пен Зидан шəкірттері арасындағы текетірес Скопь қаласындағы сыйымдылығы 40 мың адамға жуық «Филипп ІІ» стадионында өтті. Жаңа маусым алдындағы кəріқұрлықтың айтулы жүлдесін жеңіп алу қос командаға да артық болмасы белгілі. Осы мақсатпен ойнаған ойыншылар қарасы қалың көрерменге тамаша футбол кешін сыйлады.

«Реал» құрамы былтырғыдан көп өзгере қоймаған. Тек командадан Хамес Родригес пен Пепенің кеткенін айтуға болады. Ал Еуропа Лигасының жеңімпаздары өз қатарларына «Эвертонның» лидері Ромелу Лукакуды қосты. Бельгиялық ойыншы УЕФА матчтарындағы дебютінде гол соғып үлгерді.
Алма-кезек шабуылдан тұрған 90 минут ішінде жанкүйерлер 3 голдың куəсі болды. 24-минутта Дани Карвахальдің тамаша пасынан кейін Карлос Каземиро есеп ашты. Осылай бірінші тайм аяқталды. Ал кездесудің екінші жартысының басында, 52-минутта Иско есепті еселеді. Жозенің жігерлендіруінен болар, бəлкім, «МЮ» аса үлкен қарқынмен шабуылдай бастады. «Реал» қақпасының алдында əуелей келген допты Погба баспен бағыттады. Дегенмен, Навас бұл соққыны қайтарды, ал екінші рет соққы бағыттаған Лукакуге ешкім қарсы тосқауыл қоя алмады. Таблодағы есеп — 2:1. Бұл матчтың 62-минуты еді. Өкінішке орай, қалған жарты сағатта доп қақпаға кірмей қойды. Бірақ алаңдағы шайқас Джанлука Роккидің соңғы ысқырығына дейін жалғасты.
Кездесудің үздік ойыншысы — Иско Аларкон.

Әділет МӘДЕНИЕТ

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда