Мадридтік “Реал” 2011/12 маусымынан кейін алғаш рет Испания чемпионатын жеңіп алды.
Соңғы турда Зидан баптайтын ұжым сырт алаңда “Малаганы” жеңіп, өздерінің басты қарсыласы “Барселонадан” үш ұпайға озған арақашықтығын сақтай алды. Команда сапында Криштиану Роналду мен Кәрім Бензема көзге түсті.
Ал каталониялық клуб қатар өткен матчта “Эйбарды” жеңіп (4:2) күміс жүлде иеленді. Бұл ойында Месси дубль авторы атанды. Ал чемпионаттың үшінші орыны мадридтік “Атлетикоға” бұйырды.
“Реал” осылайша Испания чемпионатын жеңіп алу көрсеткіші бойынша да алға ұзады.
Мадридтік команда Ла Лиганы 33 рет жеңген. Ал Барселона 24 рет жеңіс тұғырына көтеріліпті.
3 маусым күні Кардифте “Реал” мен “Ювентус” командалары Чемпиондар Лигасының чемпиондығына таласады.
Өз кезегінде италиялық клубтың да А сериясында теңдессіз атанғандарын айта кету керек.