«Bank RBK» банкі» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ бірігуге ниетті екендігін білдірді. Хабарламада «Bank RBK» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ акционерлері екі қаржы институтының бірігуі жайлы келіссөздер жүргізіп жатқаны айтылған.
«Алдағы уақытта екі банк арасындағы өзара түсінушілік бойынша меморандумға қол қойылады деп күтілуде», — делінген. «Bank RBK» банкі» АҚ баспасөз қызметі меморандумның негізгі тәртіптері ҚР Ұлттық банкімен мақұлданғандығын хабарлайды. Біріккен қаржы институты Bank RBK атауымен жұмыс істейді. Кезеңдік бірігудің жол картасы негізінде жасалған болжам бойынша, жаңа құрылымның ірі бақылаушысы Владимир Ким болады.