jasqazaq.kz

Р. Рандрианирина: Қайта қалпына келетін қуат көзі – тиімді инвестиция

30 маусым 2017, 18:15


              Мадагаскарда қайта қалпына келетін қуат көздерін дамытуға мол мүмкіндік бар. Бұл туралы Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Мадагаскардың Ұлттық күнін атап өту барысында аталған елдің жастар және спорт вице-министрі Роберт Рандрианирина мәлім етті. Ол өз сөзінде «қайта қалпына келетін энергия –  елге салынатын тиімді инвестиция», –  деп атап өтті.

Роберт Рандрианиринаның айтуынша, қайта қалпына келетін қуат көзінің потенциалы мол. Күн энергиясы туралы айтар болсақ, оның қуаттылығы 2000 кВт/м2. Ол «Көп аймақта күн жылына 2800 сағат шығады. Жел энергиясының да потенциалы бар. Жел қуаттылығы  3 м/сек пен 25 м/сек аралығында өзгеріп отырады. Аралдың солтүстігі, оңтүстігі, батыс жағынан да қуат өндіруге болады.  Осы мүмкіндікті пайдалансақ, Мадагаскарда қайта қалпына келетін қуат көзін дамытуға болады» –  дейді.

Өз кезегінде еліміздің ақпарат және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов көрмеге қатысушылар қайта қалпына келетін қуат көзі саласындағы әлемдік тенденциямен танысуға мүмкіндік жасалғанын атап өтті.

Айта кету керек, Мадагаскар павильонының концепциясы елдің энергетикалық потенциалын толық ашады. Онда күн және жел энергиясын тиімді пайдалануды жолы көрсетілген.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда