jasqazaq.kz

«Пышақты ал да, өзіңе тық деді»: күйеуін өлтіріп, денесін өзенге ағызған келіншек өз шындығын айтты (Видео)

28 наурыз 2024, 16:38

Түркістан облысында келіншек күйеуін өлтіріп, бөлшектеп тастаған. Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасында айтылды.

«Мен күйеуіме қасақана пышақ тыққан жоқпын. Құрметті сот, біз қарбыз жеп отырғанбыз. Сосын оған біреу хабарласып, «Әйелің тағы TikTok түсіріп жатыр» деп айтты. Кейін күйеуім «пышақты ал да, өзіңе тық» деді. Оның арасында басымды жұдырықпен ұрды. Мен «қой, қазір пышақ кіріп кетеді» дедім. Пышақты қайта-қайта мойныма тақап қоймады. Мен пышақтың сабымен басынан салып қалсам, талып қалатын шығар деп ойлап, өзімді қорғадым», – деді Құндыз Молдабекова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @koremiz_1tvkz

Айта кетейік, осыдан 8 ай бұрын Сарыағаш ауданында үш баланың анасы Құндыз Молдабекова өзінің некелі жарын азаптап өлтіріп, денесін Келес өзеніне ағызып жіберген. Келіншектің айтуынша, дау TikTok желісіне жүктелген видеолардың салдарынан туындаған. Артынша ерлі-зайыптылардың ерегісі үлкен жанжалға ұласып, қанды қылмыспен аяқталған.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?