jasqazaq.kz

«Пышақсыз сойған екенсіз»: Қайрат Нұртасты салқын құттықтаған жары жұртқа жақпай қалды (Видео)

26 ақпан 2024, 11:22

Танымал әнші Қайрат Нұртас кешелі бері туған күнін атап өтуде. Өнер иесін әлеуметтік желіде құттықтаған жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың әрекеті жұртқа жақпай қалды.

«Халықтың, сахнаның, ағайынның ҚАЙРАТЫ, туған күніңмен! Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін. Тілерім, тура жолдан адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын. Тыңдарманның қошеметі кемімесін. Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын! Сыйлаймын!», — деп жазған ол.

Актриса «сүйемін» деп жазудың орнына «сыйлаймын» деп жазып, елдің қызу тадқысына түсті. Көпшілік жұлдызды жұптың арасы бірнеше жылдан бері суығанын айтып, түрлі пікірлерін жаудырып жатыр.

«Пышақсыз сойған екенсіз! Қайраттысың, қайсарсың Жұлдыз! Осы мінезің нағыз әйелдің бейнесін көрсетеді! Респект», «Сүйе ме, сүймей ме? Менің Қайратым дей ме, демей ме? Кімге, қандай ауыртпалығы тиіп жатыр?!», «Менің Қайратым десең, жағың түсіп қала ма?», «Мамасының Қайрошы ғой), сол күйі төрт баласына жауапкершілік ала алмай, әлі отыр мамасының қасында»,- деп жазды олар.

 

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?