ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге қытайлық делегацияның өкілдерінен де бірінші болып келіп алды. Бұл жағдай Путиннің әзілдесуіне себеп болды.
Төраға үстел басына келіп, біраз уақыт жалғыз өзі отырған соң “жалғыз жауынгер”, – деді Путин әріптесіне күле қарап. Қытай мен Ресей көшбасшылары Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында кездесті.
“Қытай-Ресей қарым-қатынасы қазір жоғарғы деңгейде және үлкен стратегиялық маңызға ие. Әлемде түрлі қиындықтар болып жатқанына қарамастан біздің қатынасымыз жақсы өрбіп жатыр”, – деді Си Цзиньпин.