jasqazaq.kz

Психолог: Елдостың анасы өзінің рөлін келінмен алмастырып тұр

13 тамыз 2024, 15:30

Париж Олимпиадасынан алтынмен оралған Елдос Сметовті құрметтеу кезінде жанынан қалмаған анасы сынның астында қалған еді. Осы орайда психолог Жаңагүл Қайырова қоғамдағы «мамасының баласы» және «ана культі» дертін түсіндіріп берді, деп жазды Аzattyq Rýhy.

«Жалпы алғанда елімізде «мамасының баласы» деген түсінік бар. Оның әр жағын, тереңінен қазса, «ана культі» деген мәселе шығады. Бұл — өте зиян құбылыс. Осының салдарынан ажырасып кетіп жатқан отбасылар өте көп. Ажыраспаса да, күнде жанжал туындап, не бөлек шыға алмай, ата-ананың қас-қабағына қарап отырғандар баршылық. Ата-ананың өмірдегі негізгі мақсаты — баланы дүниеге әкеліп, ер-жетуіне, отбасы құруына атсалысу. Ол отбасы құрғаннан кейін бақыт тілеп, қол бұлғап шығарып салуы керек. Отбасы психологиясында осылай айтылады. Жас отбасы үйленгеннен кейін, жертөледе тұрса да, ата-анасынан бөлек тұруы керек. Сол кезде ғана олар шынайы есейеді. Жігіт отағасы болуды, әйел отанасы, біреудің жары болуды үйренеді», — дейді психолог.
Маманның айтуынша, осындай кезде отбасындағы түрлі қиындықты ерлі-зайыптылар бірігіп шешеді.

«Ал осы чемпионның кейсін алатын болсақ, бұл жерде иерархия бұзылып тұр. Ата-ананың рөлі баладан жоғары, бұл жерде анасы өзінің рөлін келінмен алмастырып алып тұр. Бұл мәселеге тереңінен үңілсек, мамасының баласы ұғымы қайдан пайда болады? Баланың анасы өзінің эмоционалдық мәселесін баласы арқылы шешкен кезде «мамасының баласы» пайда болады. Яғни, манипулияция жасалып тұр, бала арқылы ата-ана өзінің мәселесін шешеді. Өмірде өзі қол жеткізгісі келген арманын баласы арқылы орындау, өзінің психологиялық мәселелерін бала арқылы шешу кезінде ата-ана эмоционалдық бопсалау, манипуляцияны біліп-білмей жасайды», — дейді ол.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?