jasqazaq.kz

Прокурор Әблязовқа 20 жыл сұрады

25 мамыр 2017, 15:48

Мемлекеттік айыптау бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов пен БТА Банк ісі бойынша басқа да сотталушыларға ұзақ жаза мерзімін сұрады.

Алматыда Әблязовтың соты өтіп жатыр. Тергеу барысында 2200 том іс материалы қаралған. 500 беттік айыптау қорытындысы үш күн бойы оқылды.

Прокурор өз сөзінде Әблязовтың іс-әрекеті әлемдік қауымдастық алдында елімізге орасан зор экономикалық зиян келтіргенін атап өтті. Оның қорытындысы бойынша, Әблязовтың қылмыстық схемасы мынандай болған: әуелі инвесторлар мен салымшыларды тарту үшін банк капиталы өсірілген, содан кейін қаражат тартылып, әрі қарай бақылаудағы компанияларды несиелеу арқылы шығарылған. Сотталушылар қатарында: БТА Банк төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов, несиелеу бойынша бұрынғы директор Қайрат Садықов және басқарманың бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмеш. Олардың бәрі аса ірі көлемде қаражат қымқырғаны үшін айыпталып отыр. Сәдуақас пен Жақсылық Жарымбетов айыбын толығымен мойындады, ал Қайрат Садықов кінәсін жартылай мойындаған. Прокурор Әблязовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жарымбетов пен Мәмешті шартты түрде үш жылға соттауды, Садықовты 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен бірге, мемлекеттік айыптау сотталушылардан банк келтірген шығынды өндіріп алуды сұрап отыр.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда