jasqazaq.kz

Прокуратура кәсіпкерлердің құқығын қорғады

13 мамыр 2024, 15:55

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады.

Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерлер мемлекеттік органдар тарапынан тексерулерге және бақылаудың өзге де нысандарына байланысты түрлі мәселелерге тап болады.

Кең таралған мәселелердің бірі — мемлекеттік органдардың тексеру іс-шараларын Кәсіпкерлік Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарын өрескел бұза отырып жүргізуі.

Осы жылдың өзінде ғана Ақмола облысының прокурорлары санитарлық–эпидемиологиялық бақылау органдары тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтың 4 фактісін анықтады.

Мысалы, «МАСТ» ЖШС қатысты Степногорск қаласының СЭББ лауазымды тұлғасымен тексеру заңда белгіленген мерзімдерден асып жүргізілген (Кодекстің 151-бабының талаптары), яғни 19 күннің орнына тексеру 22 күнге созылған.

Қадағалау актісі бойынша тексеру заңсыз деп танылды.

Осыған ұқсас бұзушылықтар бойынша тағы 3 тексеру заңсыз деп танылды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша заңсыз тексерулерді жүзеге асырған 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыста кәсіпкерлердің құқықтарын өрескел бұзудың 23 фактісі анықталды (заңсыз тексерулер – 21, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу — 2).

Қадағалау актілері бойынша тексерулер олардың нәтижелерінің күшін жоя отырып, заңсыз деп танылды, кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, ал кінәлі адамдар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды.

Бизнесті тиісінше қорғау мақсатында прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ және CALL-орталық жұмыс істейтінін айта кетейік.

JQ-Aqparat 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?