jasqazaq.kz

Президент жас футболшының жейдесіне қолтаңбасын қалдырды

25 қантар 2024, 12:55


Президенттің Алматы қаласына жұмыс сапары Footlab футбол орталығының қызметімен танысудан басталды. Ақорданың ресми сайты хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа орталықтың пилоттық режимде жұмыс істей бастағаны туралы мәлімет берілді. Мұнда қазір жоғары білікті 8 бапкер 50 баланы жаттықтырып жатыр. «Smart Football» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Медеуовтің айтуынша, футбол академиясында 5 жастан 12 жасқа дейінгі 1000-ға жуық баланы жаттықтыру жоспарланған.

Footlab – спортсүйер қауымға, отбасылық демалысқа, балалар мен ересектер арасында турнирлер өткізуге арналған интерактивті футбол алаңы.

Алматыдағы Footlab орталығы Португалияның франшизасын алған. Оның бас кеңсесі Лиссабонда орналасқан. Аталған жобаны танымал португал футболшылары Руй Кошта мен Криштиану Роналду 7EGEND инновациялық компаниясымен бірлесіп жасаған. Бүгінде Footlab франшизасы әлемнің 60-тан астам еліне сатылған. Бұл орталық Лиссабон мен Дубайдан кейін үшінші болып, Алматыда ашылды. Жобаға 1,5 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция салынған.
Орталықтың биыл 50 мыңнан астам адам қабылдау, сондай-ақ спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау үшін Алматы қаласының оқушылары арасында турнир өткізу жоспары бар. Инвесторлар еліміздің барлық өңірінде осындай орталықтар желісін ашуды көздеп отыр.

Президент балаларға арналған спорт жобасын дамыту үшін жауапты органдарға жер телімін бөлу мәселесінде жәрдем көрсетуді тапсырды және Астанада осындай футбол орталығын салу туралы бастаманы қолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жас футболшыларға табыс тілеп, спорт жейдесіне қолтаңбасын қалдырды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Aqorda.resmi 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?