Президент: Ұлт сапасын жақсарту әр адамнан басталады

31 мамыр, 18:16

Білімге ұмтылу, аянбай еңбек ету, алғыр болу халқымыздың бойында бар қасиеттер. Осы асыл қасиеттерді тиімді пайдалануымыз қажет. Мемлекет басшысы бүгін отандық ғалымдармен кездесуде осындай ойлы да өрелі пікірді ортаға тастады.
Президент қазақтың біртуар ұлдары Шоқан, Абай, Әлихан, Ахмет, Қаныш сияқты арыстарымыз зиялылығымен талайды таң қалдырғанын айта келе, өзге жұрттың қазақ туралы пікірі осындай тұлғаларымыз арқылы қалыптасқанын тілге тиек етті.
Бүгінгі жас буын да білімге, ізденіске құштар. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл орайда «Қазір де өзінің білімі, өнері арқылы әлемді мойындатып жүрген жастарымыз аз емес. Олар кез келген тілді тез меңгеріп алады. Қандай ортаға да жылдам бейімделеді. Бізді әлем елдері көзі ашық, көкірегі ояу халық ретінде таниды. Білімпаздық, еңбекқорлық, алғырлық пен жасампаздық – қанымызға сіңген қасиет. Осы қасиеттерімізді әрдайым тиімді пайдалана білуіміз керек. Біз қазіргі заманғы технологияны меңгерген жас ғалымдарға зор үміт артамыз. Жастардың ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасап жатырмыз. Биыл Ұлттық ғылым академиясының жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Бұл кеңес талапты жастардың басын қосып, ғылым жолына жұмылдырады деп сенемін. Шәкәрім «Жас көңілде жарық бар» деп айтқан. Жастарымыз жасампаз және жаңашыл болуы керек»,-  деді.

Жастық шақ – уақытты босқа өткізетін емес, ел үшін табанды қызмет ететін кез. Мемлекет басшысы бұл ретте академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы – мұның жарқын мысалы екенін атап өтті. Ғұлама ғалымның небәрі 25 жасында «Алгебра» оқулығын жазуға кіріскен. Ал 30 жас шамасында Жезқазғандағы кен орнын ашқан.

Ұлт сапасын жақсарту әр адамнан басталуы тиіс. Президент жиналған қауымның назарын осы мәселеге аударып, жас ғалымдарымыздың туған еліне пайдасы тиетін жұмыспен айналысқаны абзал екенін айрықша атап өтті. Президент осыған орай «Ұрпақтың білімді, отаншыл, мемлекетшіл болуы маңызды. Жастарымыз Адал азамат болуы керек.. Еліне, өз ісіне адал азаматтар Қазақстанды көркейте алады» деді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ
тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне де тоқталды. «Өздеріңізге мәлім, биыл сәуір айында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Заңға қол қойдым. Екі аптадан кейін бұл толықтырулар күшіне енеді»,- деді Президент.
Жаңа нормалар қоғамды жаңғыртуға, отбасы институтын нығайтуға елеулі үлес қосуы тиіс. Өйткені әйелдер мен балалардың құқықтарын жан-жақты қорғау дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауға мүлдем қайшы келмейді, керісінше оларды күшейтуге ықпал етеді.
Мемлекет басшысы: «Ана ұлтты тәрбиелейді. Әйелді құрметтей білетін қоғам шын мәнінде өркениетті, мәдениетті қоғам болмақ. Әрине, бір Заңмен барлық мәселе шешілмейтіні анық. Ең бастысы, өзгерісті әркім өзінен бастауы керек. Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру осындай қарапайым дүниеден басталады»,-деді.
JQ-Aqparat

Суреттер: Aqorda.kz

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде