jasqazaq.kz

Президент: Мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді

27 маусым 2024, 13:28


Мемлекет басшысы бүгін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Президент журналистердің мемлекетіміздің өркендеуіне қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде «Ең алдымен, баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз. Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру. Мен бүгін медиа саласы мамандарының осы жолдағы қажырлы еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін» деді.

Мемлекет басшысы Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның «Газет-журнал шығаруға зор шеберлік керек» деп талап қойғанын айта келе, осы тұжырымның бүкіл ақпарат саласына ортақ екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, журналистер мемлекеттік саясатты халыққа түсіндіру ісінде айрықша рөл атқарады.

JQ-Aqparat

Сурет: aqorda.kz

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?