jasqazaq.kz

Президент: Қытай сауда мен инвестиция саласында Қазақстанның жетекші серіктесі

01 шiлде 2024, 11:19

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстандағы сапары қарсаңында СИНЬХУА агенттігіне берген сұхбатында екі елдің инвесьтициялық қарым-қатынасына тоқталды, деп жазды kaz.inform.kz.
Қытайдағы студенттік шағын жылы лебізбен еске алды.
«Қытай Халық Республикасы сауда мен инвестиция саласында Қазақстанның жетекші серіктесі ретіндегі орнын сақтап отыр. 30 жылдан асатын қарым-қатынастың арқасында қос елдің арасындағы сауда айналымы 100 есе өсіп, 2023 жылы 41 млрд долларға жетті. Бұл тарихи рекорд болып есептеледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай Қазақстандағы ірі инвесторлардың алғашқы төрттігіне енді. 2023 жылы бұл ел 2 млрд долларға жуық тікелей инвестиция салған. Бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 16,4 көп. Жалпы Қазақстан экономикасындағы Қытай инвестициясының жиынтық көлемі 25 млрд доллардан асты», — деді Мемлекет басшысы.
Бүгінде Қазақстанда 4 700-дей қазақ-қытай бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.
«Бұдан бөлек қаржы секторындағы бірлескен қызметіміздің аясын кеңейтпекшіміз. Ол үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Бүгінде бұл орталықта 78 елден 2 800-ге жуық шетелдік компания тіркелген. Оның оннан бір бөлігі Қытайдан», — деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай тарабының «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын тұтастай қолдайтынын айтты.
«Біз алдымызға Қытаймен арадағы көпқырлы қарым-қатынасты ары қарай тереңдету бағытында өршіл жоспарлар қойып отырмыз. Оған қажетті алғышарттар мен жағдайдың бәрін жасап жатырмыз. Өзара ықпалдастықтың қазіргі жоғары қарқынын ескерсек, арадағы сауда айналымын 100 млрд долларға жеткізу толықтай қол жеткізуге болатын меже», — деді Мемлекет басшысы.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды