Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климат саммитінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді.
Aqorda.resmi Телеграм-каналы жазғандай, Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Саммит шеңберінде Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
JQ-Aqparat
Суреттер: Aqorda.resmi