Президент: Алматыны сумен қамтамасыз ету — мемлекеттік маңызы бар басым міндет

25 қантар, 15:05

Мемлекет басшысы Footlab футбол орталығынан кейін Алматыдағы сумен қамту нысандарының құрылысымен танысты

Aqorda.resmi телеграм-каналы жазғандай, Президент әрқайсысының сыйымдылығы 3000 текше метр болатын «Балқаш» таза ауызсу станциясының екі резервуарының және сорғы станциясының құрылысымен танысты. «Каптаж», «Бастау» тоғандарынан және «Медеу» сүзгі станциясынан келетін судың осы резервуарларда жинақталып, зарарсыздандырылады. Тазаланған ауыз су арнайы орнатылған сорғылардың көмегімен Каменское плато, Көлсай, Юбилейный және Мұзтау ықшамаудандарының магистральды желілері арқылы таратылады.

Нысанды аралау кезінде Мемлекет басшысына Алматы қаласын сумен қамту желісінің қазіргі жай-күйі мен даму жоспары туралы баяндалды.

Президент тапсырмасын орындау үшін өткен жылы қала әкімдігі жаңадан 117 шақырым сумен қамту желісін салып, 46 шақырым су құбырын жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Бұл Алматы халқының 99,3 пайызын сумен қамтитын орталық желіге қосуға мүмкіндік берді. Биыл тағы 142 шақырым су құбырын тартып, 48 шақырым желіге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жыл соңына дейін тұрғындардың 99,6 пайызына су жеткізіп, желілердің тозу деңгейін 53,8 пайызға дейін төмендетуге септігін тигізеді.
Мемлекет басшысына сондай-ақ Медеу ауданының 50 мың тұрғынын сумен қамтудың қосалқы схемасын іске қосу жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Алматының Алатау, Бостандық және Наурызбай аудандарының тұрғындары осы кезге дейін ауыз су тапшылығынан зардап шегіп келеді. Осы мәселені шешу үшін қазір екі тоған салынып жатыр және тағы екеуінің жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, биыл біраз жылдан бері бітпей жатқан Қарғалы тоғанының құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл нысан Наурызбай ауданының 50 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Оған қоса, келесі жылы Ақсай тоғанының құрылысын аяқтау көзделді. Ол Наурызбай ауданындағы 100 мың тұрғын мен Алматы облысы Қарасай ауданындағы 15 мың тұрғынның суға қатысты мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету жалпы мемлекеттік маңызы бар басым міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар былтыр Алматы қаласының Медеу ауданында болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын ескертті.
Президент: «Елімізде су тапшылығы бар. Бізге жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет. Бау-бақшаны суару үшін ауыз суды пайдалануға болмайды. Оның орнына су үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, жер астынан жаңа су көздерін іздеу қажет. Алматының тұрғындары ауыз судың тапшылығына жиі шағымданады. Сондықтан кешенді, жүйелі жұмыс жүргізілуі керек», – деді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу