Премьер-Министр: Зардап шеккен тұрғындарды тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек

14 мамыр, 11:00

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев қазіргі таңда еліміздегі су тасқынына қатысты жағдай тұрақтанып келе жатқанын жеткізді. Осы аптада Атырау облысында су тасқынының шарықтау шегі болады деп болжанып отыр. Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Махамбет кенттеріндегі су бекеттеріндегі қауіпті белгілерден асып түсті. Қазіргі уақытта өңірде аумаққа топырақ үю, құм толтырылған қапшықтарды төсеу, топырақтан біліктер салу және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еліміздің сегіз өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда. Ақтөбе облысындағы екі елді мекенде әлі де көлік қатынасы жоқ. Тұрғындар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Су басқан аймақтардан 119 мыңнан астам адам, оның ішінде 44 мың бала эвакуацияланды. Бүгінгі таңда 55,6 мың адам өз үйлеріне оралды. Әзірге эвакуациялау бекеттерінде 5 мыңға жуық азамат қалды.
Су тасқыны салдарынан елімізде 12 908 тұрғын үйді су басты, оның ішінде үш өңірде әлі 264 үй су астында қалып отыр. Сондай-ақ 18 025 саяжай үйі бар 25 921 саяжай учаскелері су астында қалды.
Бүгінгі таңда 20 600 отбасы 100 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады. 680 отбасына 362 млн теңге көлемінде келтірілген материалдық шығын өтелді.
568 отбасы 710 млн теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Өңірлерде келтірілген залалды бағалау және өтеу жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауға алынған.
Үкімет басшысы тиісті құрылымдарға тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Әсіресе, Жайық өзеніндегі қауіпті деңгейден асып кеткен Индербор және Махамбет елді-мекендеріндегі жағдайды бақылауға алу керек.
«Эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуы тиіс. Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек. Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін», — деді Премьер-Министр.
Ақтөбе облысында 2 елді-мекенде әлі күнге дейін көлік қатынасы жоқ. Онда азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің болуын мұқият бақылауға алу керек. Электр жарығынсыз отырған ауылдарда жөндеу жұмыстарын тездеткен жөн.
«Сондай-ақ су тасқыны жағдайы тұрақталған өңірлерде әкімдіктер бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуі тиіс. Келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет. Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек», — деді Премьер-Министр.
JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде