Премьер-Министр Алматы облысының өнеркәсіп және көлік-логистика әлеуетімен танысты

30 мамыр, 18:22

Бүгін Үкімет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің өнеркәсіптік және көлік-логистикалық әлеуетімен танысты.
Облыстағы көлік-логистикалық және өнеркәсіптік андық өндірісті жолға қою арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін бірқатар нысан тексерілді. Мақсат – импортты алмастыру және экспортқа бағдарлау.
Атап айтқанда, «Жетіген» жаңа көлік-логистикалық орталығы мен G-TRANS Service индустриялық-логистикалық хабы құрылысы, сондай-ақ «Қайрат» және «Даму» индустриялық аймақтарын кеңейту жұмыстарының барысы тексерілді.
Логистикалық орталықтарды аралау кезінде Олжас Бектенов көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамытудың маңызына тоқталып, жобаларды табысты іске асыру үшін жетпей тұрған коммуникацияларды жүргізу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Бұл жұмысты «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында аяқтау қажет. Сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасаудың маңыздылығы атап өтілді.
«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында көлік-логистикалық әлеуетті іске асырудың стратегиялық маңыздылығын атап көрсетті. Зор перспективаларды ашатын осы елеулі артықшылықтарды пайдалануымыз керек. Біз сауда мен жалпы экономикаға ұтымды әсер ететін жаңа жобаларға қызығушылық танытып отырмыз. Қазіргі таңда инфрақұрылымдық мәселелерді шешіп жатырмыз, бизнестің жұмысы үшін қажетті жағдай жасап, тиісті коммуникациялар құрылады. Сонымен бірге кәсіпорындардың өздері үнемделген қаражатты өнім сапасын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құра отырып, одан әрі кеңейтуге бағыттай алады», — деді Премьер-Министр.


Мәселен, Жетіген ауылында қуаты жылына 500 мың контейнерге дейін, жалпы жүк айналымы 5 млн тоннаға жететін Орталық Азиядағы алғашқы ірі индустриялық-логистикалық хабтың салынуы 3,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жоба нысанның ҚХР шекарасына жақын орналасуы есебінен Орталық Азия елдерімен және Қытаймен жүк ағынын арттыруға бағытталған.
Үкімет басшысы индустриялық аймақтар аумағындағы компаниялардың жұмысымен де танысты. «Бент» темірбетон бұйымдарын, «ТехноНиколь – Орталық Азия» құрылыс материалдарын, «Шин-Лайн» балмұздағын өндірудің технологиялық процесін көрді.
Құс етін өндіретін ТМД-дағы ең ірі жоғары технологиялық автоматтандырылған кәсіпорын құру бойынша жаңа инвестициялық жоба таныстырылды. Жоба еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экспортқа бағдарланған. Толық іске қосылған кезде өнімділігі жылына 240 мың тонна құс етіне дейін, ал жұмысшылар саны 6 мың адамға жеткізіледі. Бұл ЕАЭО аумағындағы ең ірі құс фабрикасы болмақ. Сондай-ақ еліміздің импортқа тәуелділігін азайтып, құс етіне деген сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы балық өнеркәсібі кешеніне барды. Кәсіпорында ішкі және сыртқы нарықтарда сату мақсатында теңіз балығы өсіріледі. Бүгінде нысанның өндіріс қуаты 1 мың тоннаны құрайды, алдағы уақытта оны 10 мың тоннаға дейін арттыру көзделген.
«Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл нөмірі бірінші мәселе. Біз өзімізді негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуіміз керек», — деп атап өткен Олжас Бектенов Үкімет өнеркәсіп секторын қолдау шараларын одан әрі жалғастыратынын айтты.
JQ-Aqparat
Суреттер: Үкіметтің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде