Португалия Кубогының финалында допты дрон мінген адам әуемен жеткізді. Әлеуметтік желі қолданушылары осы жағдайға таңданыс білдірді. «Португалия Кубогы финалдық кездесуінде ерекше жағдай болды.
Болашақ осы жерде», — деп жазды футболға арналған Copa90 ұйымы. Біреулер видеодағы кейіпкерді Marvel жұлдызы — Жасыл гоблинге ұқсатты. «Біз есінен ауысқан Жасыл гоблиннан бір қадам жерде тұрмыз», — деді Мэтт Гилберт есімді қолданушы Twitter желісінде. Финалда «Бенфика» мен «Витория Гимарайнш» командалары ойнап, 2:1 есебімен лиссабондық клубтың пайдасына шешілді.