jasqazaq.kz

Полиция қару қолданды: Алматы облысында бір топ адам арасында қақтығыс орын алды

Бүгін, 8:53

Сурет: Видеодан кадр

Алматы облысы, Есік қаласында бір топ ер адамның қатысуымен жаппай қақтығыс орын алды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ескерту ретінде ауаға оқ атып, 7 адамды ұстады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Tengrinews-ке сілтеме жасап.

«Аталған дерек бойынша екі қылмыстық іс тіркелді — бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактілері бойынша. 7 адам күдікті деп танылды. Олардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов.

Оның айтуынша, ауаға атылған оқтар ескерту сипатында болған және қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тарапынан қолданылған.

Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

 

Бүгін, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр
27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады