jasqazaq.kz

Полицеймен ерегескен жүргізушінің құжаттары жалған екені анықталды

19 қантар 2018, 15:45

Алматыда полицейдің жағасынан алған BMW X5 жүргізушісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері қырғызстандық көліктің Алматыда қандай жолмен тіркелгенін айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, тергеу барысында BMW X5 көлігінің құжаттары жалған екені анықталған. «Көліктің тіркеу куәлігінде оның РФ ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылғаны көрестілген. Алайда Ресейдің бұл органдарының мәліметінше, көлік РФ аумағында тіркеуде тұрмаған және тіркеуден шығарылмаған. 2015 жылы көлік Ф. атты азаматтың 1963 жылы туған Т. есімді енесінінің атына тіркелген. Әйел құжаттарды өткізіп, жалған мәліметтер бергені үшін құқықтық жауапкершілікке тартылатыны туралы арыз жазған. Осының негізінде көлік тіркеуге қойылды. Иесі ретінде әйел адам жауапкершілікке тартылады», — дейді Әзірбек. Сонымен бірге, құжаттарды қолдан жасау дерегі арнайы ХҚКО әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінде тіркелген. Іс Алатау аудандық ІІБ-ге берілді, онда жалған құжат дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталады. Мұның алдында BMW X5 жүргізушісіне көліктің бұрынғы иесі арыз бергені хабарланған. Бішкек қаласының тұрғыны Мұрат Осмонов Tengrinews.kz тілшісіне 2015 жылы 27 шілдеде BMW X5 автокөлігін қазіргі иесіне келісімді толық аяқтау үшін екі айға сенімхатпен сатқанын айтып берген болатын. Осмонов қолына көлік құнының жартысын -10 мың АҚШ долларын алған, ал қалған сома 2017 жылдың 27 қазанына дейін беріледі деп келіскен. Осмоновтың арызы ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады