jasqazaq.kz

Полицейлер ОҚО-ның 3 тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

15 тамыз 2017, 15:20

Көлік полицейлері Оңтүстік Қазақстан облысының 3 тұрғынынан аса ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Луговой станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында «Құрағаты-Тәтті» өткелінде Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны ұсталды. Жеке тексеру барысында олардан жалпы салмағы 23 келіден аса марихуана есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша («Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») тіркелді. Күдіктілер қазір уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Еске сала кетейік, жыл басынан бері Көліктегі ІІД бөліністерімен заңсыз есірткі айналымына қатысты 287 құқық бұзушылық анықталды, олардың бесеуі есірткі заттарын заңсыз өткізуге, 38-і заңсыз сақтауға, 8-і есірткі заттарының контрабандасына қатысты. Еліміздің көлік сақшыларымен заңсыз айналымнан 153 келіден аса есірткі заттары тәркіленді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда