Ақтауда полицейлер мен той кортежі қатысушыларының төбелесі түсірілген видео таралып жатыр.
Lada.kz. хабарлағандай, видеожазба WhatsApp мессенджерінде пайда болған. Бірақ оның нақты қашан түсірілгені белгісіз. Куәгерлер түсірген видеода нөмірі жоқ Lexus көлігі мен полиция өкілдерін көруге болады. Сондай-ақ видеодан той кортежі қатысушыларының бірінің полицейді итеріп жатқанын байқауға болады. Басылымның мәліметінше, видео 16 және 27-ықшамаудандардың қиылысында түсірілген.