Қарағандылық полицей байқаусызда өз әріптесін қарумен атып жіберген.
Nur.kz хабарлағандай, Қазыбек би ауданының соты екі жақтың татуласуына байланысты, кінәлі азаматты қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. 25 жастағы кінәлі азамат қазіргі уақытта жұмысынан босатылған. Иығынан оқ тиген азамат ұзақ уақыт ауруханада жатып, емделген.
Сот отырысында өзінің әрекетін толығымен мойындаған азамат, жасаған ісіне өкінетінін жеткізген.
Оның айтуынша, оқиға байқаусызда орын алған. Бұл мәліметті жапа шеккен азамат та растаған. Сондай-ақ зардап шеккен тарап, әріптесін бостандыққа жіберуді өтінген.
Сот қылмыстық істі тоқтатып, бұрынғы полиция қызметкерін жауапкершіліктен босатты.