jasqazaq.kz

«Полицей» боп бопсалаған жігіттер ұсталды (Видео)

26 қантар 2024, 11:04

ІІМ Шымкент және Павлодар қалаларында жас бопсалаушыларды. Polisia.kz хабарлағандай, полиция ведомствосында жастар арасында, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында криминалитет және “ұры” идеологиясы ықпалына жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар қабылданып жатыр.

23 қаңтарда Шымкент және Павлодар қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалауларға, тонауларға, алаяқтықтарға, бас бостандығынан заңсыз айыруға қатысы бар екі жастар тобы ұсталды. Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел әшкерелеу орбитасында 18 жастан 23 жасқа дейінгі аралықтағы бес жас жергілікті тұрғыннан құралған топ болды.

– Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген, содан кейін ақша және тауарларын алған. Оларға бопсалау, тонау және алаяқтық қылмыстары бойынша айып тағылды. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Осыған ұқсас ұстаулар Шымкент қаласында жүргізіліп, онда 24 жасқа дейінгі алты адамнан тұратын жастар тобының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.

– Фигуранттар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өздерінің құрбандарын қорқыту, ұрып-соғу және бас бостандығынан заңсыз айыру арқылы ірі көлемдегі қаражат бопсалаған. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Қуандық Алпыс.

Көрсетілген фактілер бойынша Шымкент қаласы және Павлодар облысы полиция департаменттерінің тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ұсталған адамдарға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?