jasqazaq.kz

Ә.Пірметов: ЭКСПО – өте тиімді жоба

30 қыркүйек 2017, 11:19

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы 70 миллирад теңге табыс тапты.  Бұл туралы аталған компания басшысының бірінші орынбасары  Әлішер Пірметов Atameken business channel телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Бұл тек билет сатылымынан ғана түскен табыс емес. Ә.Пірметовтің сөзіне сенсек, қолдау білдірген демеушілер  болған. Сондай-ақ,  компания тарапынан коммерциялық қызмет көрсетіліп,  тауар белгісін пайдалану құқығы сатылған. «Бір нәрсені еске сала кетейін. Осыдан екі жыл бұрын Ахметжан Смағұлұлы өз сұхбатында «ЭКСПО коммерциялық іс-шара емес. Сол себептен одан түсетін табысты қарапайым сауда балансымен есептей алмайсың» — деген еді. Менің ойымша, бұл дұрыс тәсіл. Жалпы алғанда көрмеге дайындық жұмысына 452 миллирад теңге жұмсалды. Оның басым бөлігі құрылысқа бөлінді. Көрме аяқталды. Ал  кешен орнында тұр. Бұл нысанды одан ары қалай пайдаланатымызды Президент нақтылап айтты. Ғимарат бос тұрмайды.  Экономикалық тілмен айтқанда, бұл мемлекеттің жаңа активтері. Осыдан кейін ЭКСПО шығын әкелді деп қалай айтуға болады? Экономикалық тұрғыдан өте тиімді жоба» — деді Ә.Пірметов.  Сондай-ақ, әуекомпания, қонақүй, мейрамханалар табысқа кенелді. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары өз сөзін қорытындылай келе бұл жобаның ел экономикасына үлкен серпіндігін атап өтті. Әрине «ЭКСПО» сияқты халықаралық шараны өте жоғары деңгейде өткізу еліміздің имиджіне оң ықпалын тигізді. Одан бөлек бұл жоба еліміздің инновациялық-технологиялық дамуына серпін берді. ЭКСПО аяқталған соң Астана қаласы әкімдігі көрмеге қойылған 16 жобаны таңдап алып, оларды жүзеге асыруды  көздеп отыр. Өзге өңірлер де қалыс қалмай, көрмеде қойылған жобаларды сәтті пайдаланудың жолын қарастыруда. Білім және ғылым министрлігі арнайы жұмыс тобын құрып, «жасыл» технологияны енгізу бойынша жұмыс жасауда. «Біздің елде осындай халықаралық шара өтпегенде, бүгінгі игі нәтижелерге қол жеткізе алмас едік. Бұл ақиқат», — деп Ә.Пірметов өз ойын түйіндеді.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті