jasqazaq.kz

Ә.Пірметов: ЭКСПО қорытындысы біз күткеннен де жақсы болды

30 қыркүйек 2017, 11:33

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің нәтижесі біз күткеннен де жоғары деңгейде болды. Біз 2 миллионнан астам қонақ келеді деп жоспарлағанбыз. Алайда көрмеге 4 миллионға жуық адам келді. Оның ішінде 500 мыңы әлемнің 187 елінен келген туристер. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов Atameken business channel телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті.

Оның айтуынша, «ЭКСПО-2017» нысандарына келушілердің саны да шындыққа жанасады. Павильондарға кіріп шығу көрсеткіші кемінде 5 миллион шамасында болады деп жоспарланған еді. Ол көрсеткіш 33 миллионға дейін жетті. Ал павильондардың ішінде ең танымалы – «Нұр Әлем». Ә.Пірметов бұл павильон бүгінде Астананың ең көрікті нысаны болып табылатынын атап өтті. Тіпті, қысқа уақыттың ішінде еліміз бойынша туристер ең көп аралайтын орынға айналды. «Бізге астаналық кәсіпкерлер тарапынан көрме уақытын ұзарту туралы ұсыныс  жасауы күтпеген жағдай болды. Әрине бұл ұсынысты қуана қабылдайтын едік. Алайда, Халықаралық көрме бюросының бекіткен регламентін ұстануымыз қажет. Бірақ бизнестің осылай ықылас білдіруі, жобаның тиімді екенін көрсетсе керек. 2015 жылдың қыркүйек айында, яғни төраға қызметіне Ахметжан Есімов келген соң, еліміз бойынша он мыңдай жұмыс орны ашылды», — дейді басқарма төрағасының бірінші орынбасары. Сондай-ақ ол телеарнаға сұхбат беру барасында елімізде ұйымдастырылған бұл халықаралық көрме аясында 220 ресми шара  ұйымдастырылып,  оған 28 елдің президенті, парламенттің 13 спикері мен мемлекеттік хатшылар, 10 премьер-министр, премьер-министрлердің 26 орынбасары, 70 министр мен 48 министрдің орынбасары, 22 халықаралы ұйымның өкілі қатысқанын айтты. Жалпы айтқанда «ЭКСПО-2017» көрмеге қатысушы 45 елдің делегациясы келген.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті