jasqazaq.kz

Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсантын өлтіріп кетті

08 қыркүйек 2017, 12:26

Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты курсантының өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бапсасөз қызметіне сілтемеде sputniknews.kz.

«Болған оқиға бойынша Петропавл Әскери институтының аумағында ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бабына сәйкес тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады баспасөз қызметі жұма күні.
Оқиға орнында барлық қажетті жедел тергеу амалы жүргізілген. Осы институттың 19 жастағы курсанты күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұдан бұрын ҚР Ұлттық ұланы хабарлағандай, 7 қыркүйекте Әскери институт лазаретіне 3 курс курсанты, қатардағы сарбаз Ғалымжан Тұрсын пышақ жарақатымен түскен.
Ұлттық ұлан

Дәрігерлердің дер кезінде көмектескеніне қарамастан, жас жігіт көз жұмады.
Қайғылы оқиғаға себеп екі сарбаздың арасындағы өзара кикілжің себеп болған. Қаза тапқан курсанттың жасы 19-да еді, Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бері қызмет еткен.

 

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті