jasqazaq.kz

Петропавл тұрғыны 16 адамның атынан онлайн несие алған

27 тамыз 2024, 11:03

Солтүстік Қазақстан облысында интернет алаяқтық қылмысы көбейіп, жыл басынан бері 513 факті тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 73 дерекке көп.

СҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Миржан Махметтің айтуынша, мұндай қылмыстарды ашып, ұрланған ақшаны қайтару қиын. Десек те сотқа дейін жеткен істер бар. Мәселен 28 жастағы петропавлдық облыс орталығының тұрғындарына онлайн кредиттер ресімдеумен айналысқан, сотқа дейінгі тергеу барысында оның осындай 16 эпизодқа қатыстылығы анықталды.

«Полиция департаменті халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруге ерекше мән береді. Хабарлама сайттарында 1 425 хабарландыру тексеріліп, 274-і сайт әкімшілігімен бұғатталды. EGOV Mobile, сондай-ақ EGOV сайтындағы «6 ай мерзімге банктік қарыздар, микро несиелер алудан ерікті түрде бас тарту» қосымшасына облыс халқының 27%-ы қосылған. Талдау көрсеткендей, интернет алаяқтардың құрығына көбіне 40 жастан 60 жасқа дейін адамдар түседі. Қылмыскерлер көбіне оларға несие ресімдеген», — дейді Миржан Махмет.

Маманның айтуынша, қылмыстың аталған түріне 4 жылға дейін ауыр санаттағы құқық бұзушылық жасағаны үшін 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Интернет алаяқтарды ұстап, халық арасында түсіндіру жұмысын арттырғанымызбен қылмыстың бұл түрі биыл 16%-ға өсті. Танымал схемалар – қаржылық жобаларға қатысуға шақыру, банк қызметкері болып қоңырау шалу, ұялы байланыс операторының өкілі ретінде телефон арқылы хабарласу», — дейді полиция қызметкері.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?