jasqazaq.kz

Петропавл-Есіл жолында соқтығысқан үш көліктің күл талқаны шықты

03 тамыз 2017, 19:41

«Петропавл — Есіл» тас жолының 36 шақырымында бір-біріне соқығысқан үш көліктің күл-талқаны шықты. Жол апатының ауырлығына қарамастан, ешкім зардап шекпеген.

Оқиға кеше тіркелген. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Субару» автокөлігі «Ниссанмен» соқтығысып, мұның салдарынан үшінші «Газель» көлігі де зардап шеккен. «Субару» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі көлікті озар кезде толық қарап алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Ниссанмен» соқтығысқан. Бұған қоса өзімен бір бағытта кетіп бара жатқан «Газель» көлігін де іліп әкеткен. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ», — деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сотқа жолдау үшін «Субару» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты іс қозғады. Құқық қорғаушылар істің мән-жайын анықтау үстінде.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда