jasqazaq.kz

Педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айрылуы мүмкін

31 қантар 2024, 12:28

Парламент Мәжілісінің қарауына «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат енгізілді. Алдағы уақытта депутаттар осы құжат жобасын талқылайды.

«Бұл заң жобалары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді. Жоба Мемлекет басшысының отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында тиісті негізгі нормаларды ұсынып отырмыз. Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және де жазасын әлдеқайда қатаңдату ескерілген. Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдау құқығын беру қарастырылған», — деді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру ұсынылды.

«Сонымен қатар, педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы арнайы норма бар. Суицидты насихаттау немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ескерілген. Бұған қоса, балаларға арналған интернаттық ұйымдарды алдын-ала ескертпей-ақ, кезкелген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылды. Аталған заң жобасы бойынша Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қорытынды әзірлеуге дайын», — деді Мәжіліс депутат.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?