jasqazaq.kz

Павлодарда жолаушылар автобусы өртеніп кетті (видео)

27 тамыз 2017, 23:39

Павлодарда жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті.

Оқиға Ломов көшесінің бойынша №1 қалалық аурухананың маңында болған. Автобус аялдамаға бірнеше метр жетпей өртенген. Оқиғаның видеосын куәгерлер Instagram желісіне жариялады. Жолаушылардың айтуынша, бастапқыда олар жарылыс естіген, кейін салон түтіндеп, өрт басталған. Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін, түске дейінгі уақытта болған. «Өрт № 5 жолаушылар автобусында болды. Жүргізушінің айтуынша, автобустың артқы дөңгелегінен бастап өртенген. Осыдан кейін түтін салонды басып кеткен. Автобуста болған жүргізуші мен жолаушылар өз беттерімен салоннан шыға алған Осылайша адамдар аман қалды», — деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметіндегілер. Куәгерлер естіген жарылысты ТЖД өкілдері артқы дөңгелек жарылды деп түсіндіріп отыр. Бұдан кейін өрт шыққан. Өрт шалған аумақ — 20 шаршы метр. Облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, автобус «Жолаушылар көлігі альянсы» ЖШС-на тиесілі. Фирма Павлодарда адам тасымалдаумен айналысады. Оқиғаның нақты себебі мен шығын есептеліп жатыр. ТЖД өкілдерінің айтуынша, автобус түгі қалмай өртеніп кеткен және қайта жасауға жарамсыз.

 

Около первой горбольницы сгорел автобус 🚌😧 Архив видео: @tipavlo_video

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Tengrinews.kz

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті