Павлодарда трамвайдың астына түсіп қалып ауыр жараланған оқушы қыз ауруханадан үйіне шығарылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 жастағы Марал Масғұт бүгін таңертең шығарылған.
“Қыздың жағдайы жақсы. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, ол тез сауықты. Оның жасы оң әсер етті. Алдағы уақытта оған қосымша ем-дом қажет емес”, – деді баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 7 қыркүйек күні таңғы 7 кезінде трамвай екі қыз баланы қағып кеткен болатын. Үлкені оқиға орынында қайтыс болса, кішісі аса ауыр жараланғанына қарамастан аман қалған.
Қазіргі таңда бала өліміне қатысты іс әлі жалғасып жатыр. Трамвай жүргізушісі балаларды байқамай қалғанын айтыпты. Кінәсі дәлелденсе 30 жастағы әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.