jasqazaq.kz

Павлодарда мас полицей бес машинаны соғып кетті (видео)

21 тамыз 2017, 14:36

 Оқиға Ақсу қаласындағы көпқабатты үйлердің ауласында болған.

 

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіге салынды. Онда майысқан, бүлінген бірнеше көлік көрсетілген және бес жеңіл машина қирағаны айтылады. Көзімен көрген адамдардың сөзіне қарағанда, аварияға кінәлі адам көлігін ішінен бекітіп алып шықпай қойған. Оны шығару үшін полицейлер машинаның терезесін сындырған.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі жергілікті полиция қызметкері болып шықты. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған автокөліктің рөлінде полиция қызметкері болғанын растады.

«Полиция каптитаны Мақсат Айтқазин еңбек демалысы кезінде жүріп мас күйде Ақсудағы үйдің ауласында Toyota Camry автомашинасымен тұрақтағы көліктерді соқты. Бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіретін әрекет жасады деген себеппен полиция қызметкерін ішкі істер органдарындағы қызметтен босату мәселесі қаралып жатыр» деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция қызметкерінің басшылары да тәртіптік жауапкершілікке тартылмақ.
Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мас күйде көлік құралын жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасау» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материалдар сотқа жолданды.

Baq.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда