jasqazaq.kz

Павлодарда ірі көлемде есірткі сатпақ болған қылмыстық топ қолға түсті

21 қыркүйек 2017, 14:19

Павлодарлық полицейлер «Көкнәр» есірткіге қарсы операциясын өткізу барысында үш адамнан құралған қылмыстық топтың жолын кесті. Қылмыскерлерден 500 келіге жуық «марихуана» және 2 келіге жуық «гашиш» өнімі табылған.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі мәлімдегендей, заңсыз айналымнан алынған сораның жалпы құны шамамен 30 млн теңгені құраған. «Күдіктілерге қарсы ұзақ уақыт бойы жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, оң нәтижесін берді. Ер адамдар көрсетілген есірткі заттарын біздің аумақта сатуды көздеген. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — дейді мамандар. Көрсетілген бап бойынша санкциялау, мүлікті тәркілеу арқылы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Қолға түскен екі адамға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды, үшіншісіне қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындалды.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда