jasqazaq.kz

Павлодарда Ертіс өзенінен төрт бала құтқарылды

13 шiлде 2017, 12:29

Павлодардағы Ертіс өзеніне суға кете жаздаған төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 шілде күні түстен кейін Павлодар облысы ТЖ департаментінің жедел құтқару отряды кезекші бөлімінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде төрт бала судан құтқарылды. Күнделікті кезекшілігіне кіріскен құтқарушылар ең алдымен Усолка өзенінің маңын шолып шығады. Бұл жолы да құрамына А.Носков, А.Абдулов және қоғамдық құтқарушы Д.Сташков кіретін кезекші топ үлкендердің қарауынсыз төрт баланың өзеннің тыйым салынған жеріне суға түсіп жүргенін байқады. Суға түскен балалар жағадан едәуір алыстап кеткен. Кәсіби тәжірибелі құтқарушылар мұндай батылдық жақсылыққа әкелмейтіндігін ескертіп, балаларға қайық жіберді. Сөйтсек, балалар батып бара жатқан біреуіне қалғандары көмек көрсетіп, өздері де әзер жүзіп келеді екен. Оның үстіне төрт қыздың 2005 жылғы біреуі ғана жүзу біледі», — деді ТЖ комитетінің баспасөз қызметі. Батып бара жатқан балалардың бойларын үрей билеген, абырой болғанда құтқарушылар қайығы дер кезінде жетіп үлгеріп, балалар дін аман құтқарылды. Комитет қызметкерлерінің мәлімдеуінше, құтқарушылар тек профилактикалық әңгімелесу жүргізумен ғана шектеліп қалмай, балаларды полиция қызметкерлеріне тапсырған. Олар өз кезегінде олардың ата-аналарын шақыртып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда