jasqazaq.kz

Павлодарда болған тағы бір төбелестің видеосы жарияланды

27 маусым 2017, 15:43

Павлодарда болған тағы бір төбелестің видеосы жарияланды.

Төбелестің видеосын әлеуметтік желілерде куәгерлер жариялап жатыр. Видеодан төрт адамның Павлодар көшелерінің бірінде төбелес шығарғанын көруге болады. Бірақ бір сәтте видеода бес адам көрінеді. Кадрлардан ер адамның «Оны ұрмаңдар!» деп айтып жатқанын естуге болады. Ал кейінірек қара киім киіп алған екі ер адамның соққыға жығылған жігіттердің бірін газонға қарай апара жатқаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, сол кезде жақын маңдағы түнгі клубтардың күзетшілері төбелескен. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ, өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер осы дерек бойынша тексерістің жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмады. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, зардап шеккендердің бірі — 25 жастағы павлодарлық жігіт. «Жедел жәрдем бригадасы 26 маусымда шамамен таңғы сағат 4-те оқиға орнына барған. Зардап шеккен жігітке медициналық көмек көрсетілді, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. Сол маңдағы тұрғындардың айтуынша, мұндай төбелес ол жақта бірінші рет болып отырған жоқ. Павлодарлықтар әлеуметтік желілер арқылы облыс әкімі Болат Жұмабековке де бұл туралы айтқан екен. «Бізді, Естай көшесі, № 81/1 үйдің тұрғындарын қауіпсіздік мәселесі алаңдатады. Осы ғимараттың маңынан өту қауіпті. Біз әкім Болат Жұмабековтен осы мәселені шешуін сұраймыз. Қолдау көрсетеді деп сенеміз», — делінген хабарламада. Облыс әкімдігіндегілер өз кезегінде павлодарлықтарға осы мәселенің назарсыз қалдырмаймыз деп уәде берді. «Ішкі істер органдарының қызметкерлері бұл оқиғамен айналысып жатыр. Бұл жағдайы облыс әкімі өз бақылауына алатын болады», — деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Байтенов. Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар орталығындағы төбелестің адам өлімімен аяқталғаны жайлы хабарланған болатын. Қайғылы оқиға қала орталығындағы «Арай» кафесінің маңында 11 маусымда таңғы сағат 5.00-де болған. Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісінде пайда болды. «Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 және 26 жастардағы екі ер адам ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандар «Арай» кафесінің маңында 43 жастағы ер адамды ұрып-соққан, кейін ол алған жарақатынан қайтыс болған», — деп хабарлаған болатын қалалық ІІД өкілдері.

tengrinews.kz

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда