jasqazaq.kz

Павлодарда 11 жастағы қыз өз кәсібін дөңгелетіп отыр

21 қантар 2018, 13:08

Балнұр Аманкелді 5 сыныптың оқушысы. Жақында ол өзінің жеке бизнесін бастады. Түрлі пішіндегі иіс сабындарды жасап, сатады.

«Демалыс кезінде Алматыға қыдырып барғанда жеңгем иіс сабындарды қалау жасау керек екенін көрсетті. Тез үйреніп кетті. Алғашында жеңгемнің құралдарын пайдаланып жасап жүрдім. Негізі сабынды өзіме және отбасыма ғана істеймін деп ойлаған едім. Бірақ жасаған жұмыстарымды әлеуметтік желіге салғаннан кейін тапсырыс берушілер көбейіп кетті. Содан кейін өзімнің жеке кәсібімді ашу туралы ойландым. Алғашқы табысымды да таптым. Бірақ тапқан ақшамды әлі ешқайда жұмсамаймын. Осы істі ұлғайтамын. Біраз уақыттан кейін сіңліме кітап пен самокат алып бергім келеді», — дейді Балнұр Today.kz тілшісіне.

Балнұр қазір мерекелік иіс сабындар дайындап жатыр. 1 сағатта 4 сабын жасай алады екен.

«Барды, көрді, үйренді, ойланды, жоспарлады. Енді іске асыруға кірісіп кетті. Тапсырыспен әп-әдемі иіс сабын жасайды. Той-томалақта тарту-таралғыға таптырмайтын тамаша тәбәрік»,- дейді Балнұрдың әкесі.

Қызының жасаған жұмысын Фейсбук әлеуметтік желісіне жариялағаннан кейін бір күннің ішінде сексенге жуық тапсырыс түскен. Ал Балнұр қанаты қатайған соң осы саланың қыр-сырымен бөлісіп, құрбыларына шеберлік сабақтарын өткізгісі келеді.

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды