jasqazaq.kz

Павлодар полицейлері өздері ұрып-соққан кафе қонақтарын жазаламақшы

15 тамыз 2017, 12:50

Павлодар полицейлері өздері ұрып-соққан кафе қонақтарын жазаламақшы.

Павлодарда кафе алдында адамдарды ұрып-соғу оқиғасына қатысты жаңа деректер пайда болды. Полицейлер соққыға жығылған павлодарлықтарды жауапқа тартуға ниетті. «Павлодар облыстық ІІД Тергеу комитеті биыл 3 тамызда болған оқиға бойынша «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», — деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдері. Аймақтық полиция департаментіндегілер тергеудің дерек бойынша жүргізіліп жатқанын нақтылады. Алайда жәбірленуші мен күдікті туралы айтылмайды. Айта кетейік, бұл баптың жазасы — үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру. Ал 25 жастағы күдікті полицейдің адвокаты 15 тамызда таңғы уақытта өз қорғауындағы азаматтың кепілақымен босатылғанын хабарлаған еді. Кепіл қаражатын күдіктінің туыстары төлеген — 1 миллион 134 мың 500 теңге. Соттың қаулысы бойынша күдікті жауап алуға келуге, тұрғылықты жері мен жұмыс орнын тастап кетпеуге, сондай-ақ, кафе, мейрамхана және спирт ішімдіктері сатылатын жерлерге бармауда міндеттелді. Еске салайық, атышулы бейнеролик YouTube әлеуметтік желісінде жарияланды. Видеода полиция қызметкерінің формасындағы адамның жас жігіттерді ұрып жатқанын көруге болады. Ал кейінірек полицейлер мен ұсталғандар арасындағы төбелеске қатысты арнайы тергеу басталғаны хабарланған болатын.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда