jasqazaq.kz

Павлодар облысында ер адам 17 жыл өткен соң қызды зорлап өлтіргенін мойындады

23 тамыз 2017, 16:54

Павлодар облысының тұрғыны 17 жыл өткен соң кәмелетке толмаған қызды зорлап, кейіннен өлтіргенін мойындап отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

23 тамызда Павлодар облысының қылмыстық сотында Анатолий Хе-Денге қатысты сот үкімі шықты. Ер адам қарақшылық шабуыл, ұрлық жасағаны үшін және Екібастұздың құрметті азаматын өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Ал жақында ол 2000 жылы Қалқаман ауылының 13 жастағы тұрғыны Екатерина Кецті зорлап, кейіннен өлтіргенін мойындады. Қайтыс болған қыздың анасының айтуынша, қайғылы оқиға 2000 жылдың қыркүйегінде болған. «Жұмыстан үйге келсем қызым үйде жоқ. Одан басқа үйде үлкен балаларым жүрді. Олар Катяның дүкенге кетіп, сол күйі келмегенін айтты. Біраз уақыт өткен соң біз оны іздеуге шықтық, кейін полицияға да хабар бердік. Полициядағылар тек үш тәулік өткен соң қылмыстық іс қозғай алатындарын айтты. Жақын маңдағы аулаларды қарай бастадық, қызымыз еш жерде болмады», — деді қыздың анасы Валентина Кец. Анасының айтуынша, қыз сол күні-ақ кешкі уақытта үйінен бірнеше метр жердегі иесіз жатқан үйден табылған. Ал бүгін, 23 тамызда Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қадырбек Сатабаев Анатолий Хе-Денді осы уақытқа дейін жаза өтеп жатқанын ескере отырып, 25 жылға бас бостандығынан айырды. Айта кетейік, Анатолий Хе-Ден 2013 жылы 19 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда