jasqazaq.kz

Павлингердің дөңгелектерімен алысқа ұзай алмайсыз

25 наурыз 2021, 11:15

Мемлекет ақшасын барынша қалтасына тоғытқан атышулы кәсіпкер Сергей Павлингердің мүлкі сатылымға шығарылуда.

«Трансмашхолдинг» Сергей Павлингерге тиесілі қазақстандық теміржол дөңгелектері мен оның құрамдас бөлшектерінің негізгі өндірушісі «Проммашкомплекттің» 50% акциясын сатып алды. Егер сарапшылар бұл келісімді сатып алушылар үшін пайдалы және болашағы бар деп пайымдайтын болса, онда соңғысы үшін бұл нағыз жеңіліс. Бір кездері өз дөңгелектеріміздің өндірісін дамытамыз деп бүкіл елдің үмітін алдаған кәсіпкер Павлингерге деген сенім, толығымен жойылған.

Қазір қазақстандық кәсіпкердің есебінде миллиардтаған сомаға қатысты арыз-шағымдар мен банкроттық туралы істер бар. Сондықтан ол билік әлі тиісе қоймаған активтерінің соңғы қалдықтарын аукционға шығаруда. Кезінде Сергей Павлингер Қазақстанда теміржол көлігіне арналған құрал-жабдықтар өндіру бойынша нағыз бизнес-империя құрды. Алайда, бұл «империя» ел игілігі үшін емес, тек кәсіпкердің өз мүддесі үшін жұмыс істеді. Енді ол өзінің «байлығын» қарызы үшін несие берушілерге таратып жатыр.

Өз Отанында ол «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ , «ҚазТемірТранс» АҚ, «Қамқор Вагон» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС, «Қазақстан вагон жасау компаниясы», «Богатырь Көмір» ЖШС-не тасмалдаушы «Проммашкомплект» ЖШС машина жасау кәсіпорнына иелік етеді. Кәсіпкердің Ресейде де мүлкі бар, ол теміржол көлігіне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын жетекші кәсіпорын Муромск зауытын басқарады. Кейбір сыбыстарға қарағанда Қазақстанның мемлекеттік ақшасына мықтап отырған бизнесін Павлингер Швейцарияда отырып басқарған көрінеді.
Егер шынымен солай болса, онда оған сол жақта қалу керек, өйткені кәсіпкерге қатысты түскен көптеген жанжалдар мен арыз-шағымдарға орай құқық қорғау органдары қызметкерлерінің оған назар аудармауы екіталай.

Осы тұста 2000 жылдардың соңына таман Қазақстанның өзінің дөңгелек шығару өндірісін бастау туралы қалай шешім қабылдағанын еске түсіру керек. Дәл осы жерде Сергей Павлингер «Проммашкомплект» компаниясымен бірге аренаға шықты. Ол Екібастұзда кәсіпорын сала бастады. Жобаға Еуразиялық банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің ақшалары салынды. Сол кезде Павлингер сәтті жобаны жүзеге асыру үшін «карт-бланш» жеңіп алғандай болды. Шын мәнінде қалай болды?

Доңғалақтарды механикалық өңдеу бойынша біртұтас бір ғана желі пайда болды, онда да Ресей мен Украинадан алынған. Оның үстіне зауыт жылына 75 мың дөңгелек қана шығарды. Бұл тек бір ғана қазақстандық нарыққа да жеткіліксіз еді.

Яғни, Павлингер жобаға жүздеген миллион долларлық қаражат тартты, бірақ олар да «Проммашкомплектке» Қазақстанды импортқа тәуелділіктен құтқаруға мүмкіндік берме алмады. Бір сөзбен айтқанда, елімізде еуразиялық нарықта теміржол дөңгелектерінің негізгі жеткізушілерінің бірі болуға барлық мүмкіндіктер болды. Дегенмен, Павлингер мырзаның басқарушылық «шеберлігі» арқасында еліміз оларды шетелден сатып алуға мәжбүр болды. Тапсырманы соншалықты сәтсіз орындау үшін шындап тырысу бағу керек, сондықтан жобаны дамытуға алынған қаражаттың қайда кетіп жатқаны туралы амалсыз күдік пайда болады. Білетіндер іскер кәсіпкердің өз кәсібін жүргізіп отыр делінген Швейцариядағы есепшоттарын нұсқады.

Сергей Павлингердің тәбеті соншалықты шексіз ба, әлде ол өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмай ма, әйтеуір оны масқара сәтсіздік тоқтата алған жоқ. 2015 жылы кәсіпкер келесі кезеңге аяқ басты, яғни жалпы құны 54 миллиард теңгені құрайтын ыстық илемдеу цехының құрылысын бастады.

Павлингер жобасы, міне, тосын сый, ол қаржыны тағы да өз қалтасынан төлемеуге шешім қабылдады. Оған ақша қазынадан аударылды. Қазақстанның Даму Банкі 19 жылға 7 пайызбен — 36 миллиард теңге мөлшерінде несие берді. Павлингер де мемлекет ақшасына қол созып, әдемі уәделер беруді жалғастыруда. Яғни, шығарылған дөңгелектердің 70% -ы шетелге: Ресейге, Үндістанға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға және Еуропа елдеріне экспортталатын болады деді.
Нәтижесінде, 2019 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі жүз мың данаға да жетпеді. Кәсіпкердің кеңсесі «Қазақстан темір жолы» мемлекеттік операторын да толық қамтамамассыз ете алмады. Көріп отырғанымыздай, ондай кезде «шетелге өнім шығару» туралы сөз қозғаудың өзі артық.

Осындайда қазақ теміржолшыларының құрал-жабдықтар жеткізуі өте қымбат тұратын «Проммашкомплектпен» ынтымақтастықты барынша болдырмас үшін түрлі сылтаулар табуға тырысқаны еске түседі. 2015 жылы «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) «Проммашкомплект» дөңгелектерін сатып алудан мүлдем бас тартты. Бұл жағдай тіпті олардың арасында ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылғанына қарамастан орын алды!

Мемлекеттік оператор бастапқыда жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысты. Павлингерге қазіргі уақытта ҚТЖ-ға өнім қажет емес екенін сыпайы түрде хабарлады. Бұған жауап ретінде, ренжіген кәсіпкердің компанияны тоқтатып, бір жарым мың жұмысшыны жұмыстан шығарамын деп қоқан-лоқы көрсеткені жайлы БАҚ өкілдері жазған болатын.

Дегенмен теміржолшылардың жағымсыз кәсіпкермен жұмыс істеуден бас тартуының нақты себептері басқада. Нарыққа қатысушылар бірауыздан шынайы себеп «Проммашкомплект» шартты нөмірлері мен сертификаттары жоқ сапасыз дөңгелектерін тықпалай беруінде, деп санайды. Оның үстіне мұның бәрі тым жоғары бағамен сатылған. Ақыры клиенттер импорттық компанияларға жүгінуге мәжбүр болды.

Дәл осы себептерге байланысты Беларусия да қазақстандық өнімдерден бас тартты. Тіпті Павлингердің дөңгелектері салынған вагондар пойыздардан ажыратылған кездер де болған. Бұл таңқаларлық нәрсе емес, сапасыз өнім апатқа әкеліп соғуы мүмкін. Бірақ Павллингер бұл туралы ойланбайды.

Ресейде де кәсіпкерге разы емес. Мәселен, Павлингер акционер болып табылатын Муромск зауытына бір кездері Владимир облысының салық органдары салық төлемегені үшін айыппұл салған. Сол кезде белгілі болғандай, Павлингер оңтайландыруға мүмкіндік беретін жалған фирмалар арқылы өнімді сатумен айналысқан.Сондай-ақ оның кәсіпорны кезекті бір жанжалдың ортасынан табылып, қастандықтың ұйымдастырушысы болып шыға келді. Павлингер ТМД-дағы өзінің Муромск, Новосібір және Днепропетровск зауыттарында жоғары баға белгілеуге келісті. Бұл туралы Росбалт жазды.

Басқаша айтсақ, масқара болған Павлингердің жолдары қазір барлық жерде жабылған. Оған қарсы шағымдардың саны жылдам өсуде, тіпті кәсіпкерге және оның серіктестеріне қарсы қомақты қарыздарды өндіріп алу мақсатыда шағымдар түсе бастаған.

Осыған орай жаңа акционер «Трансмашхолдингтің» пайда болуы қара түнектен көрінген жарық іспеттес көрінеді. Сарапшылар бұл Қазақстандағы ең маңызды жоба үшін қауіптен құтылудың амалы болады деген пікірде. Өйткені ол локомотивтер мен жолаушылар вагондарының ең ірі өндірушісі болғандықтан, кәсіпорынды тапсырыспен қамтамасыз ете алады дейді.

Талап Тілеген

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті