jasqazaq.kz

Пәтерді жалға берушілер қанша салық төлейді?

19 қантар 2018, 14:36


Қазақстанда қабылданған жаңа салық кодексі пәтерін жалға берушілердің салығын екі есеге төмендетіп отыр. Ендігі кезекте Ұлттық экономика министрлігі пәтерді жалға беруді заңды түрде тіркеу процесін жеңілдетуді көздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа салық кодексі негізінде пәтерді заңды түрде жалға беру тиімді болмақ. Бұрын табыстың 2 пайызын төлеу міндеттеліп келсе, енді оның мөлшері екі есеге азаяды. Яғни, пәтерін жалға беруші бұрын 60 мың теңгеге үйін жалға берсе, оның 1200 теңгесін салық ретінде төлеуге міндеттелген. Ал жаңа салық кодексі бұдан былай аталған 1200 теңгені — 600 теңгеге қысқарту өзгерісін енгізіп отыр.

«Салықтан жалтару бойынша… Бұл жерде бюджет те, министрлік те бір нәрсесін жоғалтты деуге келмейді. Бұл жерде сіз бен біздің жоғалтарымыз бар. Яғни, бұл — салық ретінде бәрінің ортақ ақшасы. Салықтың арқасында қоғам өмір сүреді» — дейді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов.
Вице-министр заңдағы өзгерістің жағымды нәтижелері болатынына сенім білдірді.

«Әлбетте, арада құжат өткізу, есеп беру секілді шаруалар бар. Бұл жұмысты мемлекеттік кірістер комитетімен бірге жүргіземіз. Яғни, аз ақша төлеуді ғана емес, процесс барысының өзін арзандату көзделген. Онда пәтерін заңды өткізіп отырған азаматтардың саны азаяр деген сенімдеміз. Бәрі де салық төлеуге дайын. «Тек қана қарапайым тәртіп болса… Көп ақша төлемейтіндей және тексерулер мен санкцияларға тап болмасам болды деп отыр. Бары осы», — дейді Руслан Дәленов.

Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады